«ААМЖЗ» АҚ-ның марапаттары
«Алматы ауыр машина жасау зауыты»  Акционерлік қоғамы  («ААМЖЗ» АҚ), «Еңбек Қызыл ту орденімен» құрметтелген, 1941 жылы құрылып 1951 жылы  өзінің өнімдeрімeн хaлықaрaлық нaрыққa шықты, ал өткен жүз жылдықтың соңында, зауыттың өнімдерін әлемнің 36 елдері таныды, солардың ішінде США, Япония, Великобритания, Франция, Швейцария.
Қазіргі танда «ААМЖЗ» АҚ ISO 9001:2008 халықаралық стандартымен сертификатталып,
Қазақстандағы машина жасау кәсіпорындарының алдыңғы қатарында болып келеді, сонымен қатар ерекше технологияларға және білгір мамандарға ие болып табылады.
«ААМЖЗ» АҚ- ы  халықаралық марапаттар мен жүлделерге ие:
1981 жыл - «Еңбек Қызыл ту ордені» - 10 бесжылдық  тапсырманы мезгілінен бұрын орындағаны үшін және халық шаруашылығындағы салаларды жабдықтау жағынан еңбек жетістіктеріне жеткені үшін.Москва қаласы, ССРО.
1994 жыл- «Алтын глобус» - әлем экономикасына қосқан үлесі мен жоғары сапалы өнімі үшін.
1996 жыл – «Сапасы үшін Халықаралық  бриллиант жұлдызы» -  Халықаралық маркетинг институтының берілген марапаты, зауыт шығарған  өнімдердің сатып алушылардың арасындағы зерттеулер негізінде берілген.
2010 жыл – Халықаралық Жүлде «Кәсіпкерлік  басымдығы үшін », Мадрид қаласы, Испания;
  2010 жыл – Халықаралық Сыйлық Сократ атындағы ("SOCRATESINTERNATIONALAWARD") «Экономика және бизнес» номинациясында, Вена қаласы, Австрия


«ААМЖЗ» АҚ  Қазақстан Республикасының  басқа машинажасау кәсіпорындарында кездесе қоймайтын  ерекше технологиялар мен жоғары деңгейлі мамандарға ие.
Біз клиенттердің  нақты қажеттілігіне көңіл бөле отырып, тәжірибемиздің тереңдігіне және мамандарымыздың  «ноу-хау» әдістеріне байланысты, өнімдеріміздің жоғары техникалық сипаттамасына үйлесімді, тиімді және нақты шешімдер ұсынамыз.
Өндіріс саласындағы бірнеше онжылдық  жұмыстар, біздің  мамандарымыздың  біліктілігін  арттырып, әрбір тасырыс бойынша «жаппай барлығын қамтитын»  бағдарламалар  ұсынуға: жобалаудан бастап өндіруге дейін және шығарған өнімдердің сервистік қызмет көрсетуіне «ААМЖЗ» АҚ  мүмкіндік береді. Біздің мамандарымыздың  ұсынған шешімдері сіздердің идеяларыңызды практикалық жүзде іске асыруға- барлық мәселені шешуге көмек береді.«ААМЖЗ» АҚ –на тапсырылған жабдықтар нақты Тапсырыс берушінің талаптарын жоғары деңгейде толық қамтамасыз етуге, ерекше жобаланып жасалады.Қазіргі жетістікер бұл – өндіріске толығымен қайта құрылым жасалып, жөнделіп, жаңа технологиялар енгізіліп және сапалық жағынан стандарттар, заманауйға сай басқару әдістерін қолдану.
ААМЖЗ өзінің өнімдерін экспортқа шығарған елдер: