Социалистік еңбек ері – Битный М.А.

Битный Михаил Антонович – 1959-1987 жылдары кезінде Алматы ауыр машина жасау зауытының директоры болды. Сол кезде зауыт  ССРО –ның энергетикалық және жүк ауыр машиналар жасау Министерствосына қарайтын. (Қазақ СРО)
1919 жылы 30 тамызда Смоленск облысындағы Смоленск районында Новоселки ауылында кедей шаруа жан ұясында туылды.
1932 жылы орта мектепті бітіріп, ал 1941 жылы Ленинград механикалық институтын тамамдады.
1941-1946 жылдары Молотов қаласында (қазіргі Пермь) зауытта  шебер, жобалаушы болып жұмыс атқарды.
1944-1956 жылдары Кемеров облысында Юрга қаласындағы зауытта цехтың бастығының орынбасары кейін цехтың бастығы болды. 1947 жылы КПСС қатарына кірді.
1956 жылдан бастап Алматы ауыр машина жасау зауытында – ААМЖЗ (Қазақстан СРО)  өндіріс бастығы болып (1956-1957 жылдары), зауыттың бас инженері ( 1957-1959 жылдары), кейін ААМЖЗ-ын 28 жыл басқарды. 1976 жылы ССРО Министрлер Кеңесіне қарайтын Халық шаруашылық институтын оқып бітірді.
Сол кезде ААМЖЗ  созу,тарту және құбырдысозу орнақтарын , қосалқы жабдықтар, сонымен қатар түсті   және қара  металлургия кәсіпорындарына өнімдер, құрылысқа арналған материалдар, авиация және электр техникалық өндірістерге тапсырыстар орындалды. Михаил Антонович басқарған жылдары  зауыт әлеуметтік саласында жақсы дамыды: жұмысшыларға мыңдаған метр пәтер,үйлер салынды, 6 бала бақша қызмет жасады, зауыттықтар өздерінің демалыс жайларында Ремизовка шатқалында, Капчагай және Ыстық көлде демалу жағдайлары  жасалынды.
1966 жылы 9 шілдеде ССРО Жоғары Кеңес Президумынның Жарлығы бойынша көп сіңірген еңбегі үшін жетіжылдық жоспарды орындағаны және жұмыстарында жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерге жеткені үшін   Михаил Антонович Битныйға Социалистік Еңбек Ері атағын берді,сонымен қатар алтын медаль «Орақ пен Балға» және Ленин ордені ұсынылды.
1987 жылдан одақ бойынша жеке дара зейнеткер.

(1978) ССРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және (1974) Қазақ СРО, (1984) ССРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы.
(1961-1981) Техникалық ғылыми кандидаты Казақстан КП ОК-нің мүшесі.
(1971-1974) Казақ СРО-ның  8-ші шақырылымдағы Жоғары Кеңестің депутаты.
(1961-1982 жылдары) КПСС  XXIV, XXVI съездерінің делегаты болып тағайындалды, сонымен қатар Қазақстан Компартиясының съездеріне де және Алматы қалалық халықтар Кеңесінің депутаты болып сайланды.
(09.07.1966) Ленин орденімен құрметтелді, (05.04.1971, 10.06.1986) Еңбек Қызыл Туы орденімен екі мәрте, ал (31.03.1981) Халықтар Достығы ордені және медальдарға ие болды.
Зейнеткерлікке шыққан соң Алматы қаласында тұрды. Алматы қаласында орталық зиратта жерленді.
2011 жылы «ААМЖЗ» АҚ –ның 70 жылдығына байланысты зауыттың орталық  кіреберісінде  құрмет  тақтасы  қойылып ашылды.

 

 


Сулейменов Айтбай Альбаевич

Сулейменов Айтбай Альбаевич 1914 жылы туылды. 1942 жылдан 1944 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысты. «Қызыл жұлдыз» орденімен құрметтелді, «Қызыл ту», «1 дәрежелі Отан соғысы», сонымен қатар «ҰОС жеңісіне 30 және 40 жылдық», «Социалистік жарыстардың Жеңімпазы», «Еңбек ардагері» медальдырына ие болды.
  1947 жылы 01 шілдеден 1989 жылы 10 мамырға дейін  ААМЖЗ-да еңбек етті. 1981  жылы 27 қарашада Қазақ СРО Жоғары Кеңес Президумынның Жарлығы бойынша «Құрметті металлург» атағын берді. Болат құю цехына жылына 8000 тонна фасонды құйма шығаратын қазіргі заманға сай өзгерту жұмыстарына қатыстып, модернизация жасады.
Лайықты демалысқа шығып осы уақытта Алматы қаласында тұрып жатыр.
2014 жылы 9 маусымда  Сулейменов Айтбай Альбаевич 100 (жүз) жасқа толды.