Шығарылатын өнімдер бөлшектері үшін меңгерілген жаңа технологиялар:

      • үздіксіз құбырларды алумен диаметрі 2200 мм болатын түсті металдардан  құбырларды созу ;
      • хромды концентратты  брикееттерді алу;
      • термомеханикалық ықшамдаумен арматуралы сымдарды өндіру;
      • сымдарды жұқалап тазалау;
      • жоғары дәлдікті және бетінің тазалығымен түсті металдар мен құймалардан  жұқа қабатты  құбырларды алу;
      • пештен тыс металдарды өндіру үшін  ұнтақты сымдарды өндіру.

«ААМЖЗ» АҚ-ның мамандарының арқасында соңғы мына технологиялар өндірісте меңгеріліп және енгізілді:

      • біліктерді, дұрыс аунақшаларды созылмалы атанақшаларды өндіру кезінде қолданылатын ортадан  тепкіш құю әдісімен екі қабатты құймаларды алу;
      • консольді түрлі машинада диаметрі 900 мм дейінгі қысқа болат және қола дайындамаларды ортада тепкіш түрде құю;
      • 1300 С дейінгі температурада жұмыс істейтін  ыстыққа төзімді болаттан құймаларды алу;
      • диаметрі 800мм дейінгі және ұзындығы 5 м-ге дейін цилиндрлік бөлшектерді термоөңдеу ЖЖТ (жоғары жиілікті ток);
      • жалпақ тетіктерді ЖЖТ  өңдеу ;
      • ірі тісті доңғалақтар үшін құрсауды жаю;
      • өнімнің сапасы мен өзара ауыстырымдылығын 100 % қамтамасыз ететін, әмбебап-жинақтау құрылғыны қолданумен бұйымдарды жинақтау;
      • ортадан тепкіш әдісімен диаметрі 900 мм болатын және одан кейінгі керекті өлшемін жаю арқылы алуға болатын  құрсауларды алу;
      • дәл геометриялық өлшемдерімен және құймалы беттердің жоғарғы дәлдігінен  құймаларды алатын мүмкіндігімен газданған  модельдер бойынша құймалар.