«Алматы ауыр машина жасау зауыты» Акционерлік қоғамы («ААМЖЗ» АҚ) 1941 жылдың 17 қарашасында Алматыға көшіріліп әкелініп, Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылған. 1942 жылдың наурыз айында зауыт өндірістік құрал-жабдықтарын құрастырып, жөндеп, майданға қажетті қорғаныс өнімдерін – бомба, мина және снарядтар шығара бастады. 1946 жылдан зауыт бейбітшілік өнімдеріне қатысты прокат (илеу) жабдықтарын шығаруға кірісті. 1951 жылы 84 түрлі өнімдерге қосымша тегістеу, созу стандарын 1/650, 1/750, 6/350 игерді. Осы жылдан бастап зауыт алғашқы халықаралық нарыққа экспортқа қадам басты. 1982 жылы ААМЖЗ шығаратын өнімдерінің номенклатурасында (атауында) 300 ден артық, әр түрлі машина жасау жабдықтары болып, өнімдер әлемнің 32 елдеріне экспортқа шықты, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия және т.б.

Бүгінде «ААМЖЗ» АҚ Қазақстанда машинажасау жағынан жетекші ірі кәсіпорындар қатарында болып келеді, сапа менеджмент жүйесі ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сай сертификатталып және кездесе қоймайтын ерекше технологиялар мен жоғары деңгейлі мамандарға ие болуда. Біз клиенттердің нақты қажеттілігіне көңіл бөле отырып, өнімдеріміздің жоғары техникалық сипаттамасына үйлесімді, тиімді және нақты шешімдер ұсынамыз. Өндіріс саласындағы көпжылдық тәжірибе, біздің мамандарымыздың біліктілігін арттырып, әрбір тапсырыс бойынша бағдарламалар жұмысын тамамдап ұсынуға: жобалаудан бастап өндіруге дейін және шығарған өнімдердің сервистік қызмет көрсетуіне «ААМЖЗ» АҚ -ы мүмкіндік береді. «ААМЖЗ» АҚ өзінің номенклатурасына байланысты кең спектрлі жабдықтар дайындап шығарумен қатар, тапсырыс берушілердің сызбасы және техникалық тапсырысы арқылы жабдықтар жасайды.


  • Еңбек Қызыл ту ордені ***

    Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды кәсіпорын саласын дамыту жағынан үлкен жетістіктерге жеткені үшін

  • «Алтын сапа-2008» ***

    «Алтын сапа-2008» өңірлік көрме- конкурсының екінші дәрежелі дипломы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы

  • «Қазақстанның үздік тауары» ***

    2011 жыл- «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме- конкурсының бірінші дәрежелі дипломы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы

  • «Қазақстанның үздік тауары» ***

    2014 жыл- «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме- конкурсының екінші дәрежелі дипломы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы

  • «Қазақстанның үздік тауары» ***

    2014 жыл- «Қазақстанның үздік тауары» Республикалық көрме- конкурсының дипломанты бірінші дәрежелі «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы

  • Алтын глобус ***

    Сапалы және бәсекелікке қабілетті өнімдерді шығарғаны үшін және әлемнің экономикасына үлес қосқаны үшін (1994 жыл)

    (1994 год)

  • Халықаралық бриллиант жұлдызы ***

    Халықаралық маркетинг институтының берілген марапаты, «ААМЖЗ» АҚ-ның шығарған өнімдердің сатып алушылардың арасындағы зерттеулер негізінде берілген (1996 жыл)

  • Кәсіпкерлік басымдығы үшін ***

    «Кәсіпкерлік басымдығы үшін», «Editorial Ofice» баспаханасы ұсынылатын жылда берілетін Халықаралық Жүлде, Мадрид қаласы, Испания. (2010 год)

  • Халықаралық Сыйлық Сократ атындағы ***

    ("SOCRATESINTERNATIONALAWARD") «Экономика және бизнес» номинациясында, , Вена қаласы, Австрия (2010 жыл)

БІЗДІҢ КЛИЕНТЕР