ААМЖЗ АҚ-ның Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 78 жылдығына арналған жиналысы

     2023 жылдың 5 мамырында «ААМЖЗ» АҚ-да Жеңіс күніне арналған дәстүрлі іс-шара өтті. Қорғаушылар күнінің осы уақытта өтуі бұл Қазақстан Республикасының жас ұрпақтарын патриоттыққа тәрбиелеу үшін символдық маңызы бар мереке болып табылады.

     ААМЖЗ-да жұмыс істеген шайқас ардагерлері қазіргі уақытта өкінішке орай тірі емес, дегенмен Еңбек майданының 26 ардагерлері бар, сол уақыттарда олардың көпшілігі соғыстан кейінгі жылдары зауытта еңбек етіп, бейбіт машина жасау өнімдерін шығаруды игерген.

     Олардың қатарында бір кездері алғашқы болатты балқытуға қатысқан Қазақстан Республикасының құрметті металлургы Бектасов Ағыбай, Құрметті машина жасаушылар–бұрынғы конструкторлар Р.К.Мұхамедьяров, И.А.Жаниспаев бар, олар Жеңістің 78 жылдығына орай зауыттық Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін ашты.

     Салтанатты жиынға «ААМЖЗ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы П.С.Садықов қатысып, ардагерлер мен мереке қонақтарын жылы лебізімен құттықтады.

     Жиынға қатысушылар бір минуттық үнсіздік пен шайқас майданында қаза тапқан зауыт жұмысшылары мен Жеңіс үшін құрбан болғандардың рухына тағзым етті.

     Жиыннан кейін ардагерлерге дастархан жайылды, олар ААМЖЗ-да өткен еңбек жолындағы жылы, көңілді және мұңды естеліктерімен бөлісті. .