1

    «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырған Алматы қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарына көшпелі тур аясында отандық өндірушілермен танысу мақсатында Алматы ауыр машина жасау зауытына ERG, KazMinerals, RG Gold, «Богатырь Көмір» ЖШС және т.б. өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің делегациясы келді. Кездесу барысында зауыттың бас директоры Е.Н. Дуйсенов қонақтарға зауыттың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ұжым алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы айтып берді. Делегация мүшелері кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралады. Қонақтарға толық технологиялық цикл мен дайын өнім үлгілері көрсетілді. Мұндай кездесулер өзіңді танытуға, қонақтарды ААМЖЗ-ның бірегей өндірісімен таныстыруға мүмкіндік береді.

A123aa A123aa A123aa A123aa