Білім беру мекемелерімен ынтымақтастық аясында, 2026 жылғы 10 маусымда "ААМЖЗ" АҚ басшылығының шақыруымен университет ректоры М. С. Жармағамбетова басшылығымен Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінің делегациясы зауытқа іскери сапармен келді. Жиында "ААМЖЗ" АҚ-ның бас директоры Есет Назарбаевич Дуйсенов делегацияға зауыттың алдында тұрған міндеттер және "ААМЖЗ" АҚ-ның даму перспективалары туралы айтып берді. Зауытқа міндеттерді шешу үшін білікті инженер кадрлары қажет, тек кәсіпорындар мен оқу орындарының тығыз ынтымақтастығымен ғана өндіріс үшін кадрлар даярлау мәселесін шешуге болады.
Содан кейін қонақтарға бас директордың орынбасары А.С. Тлеубердиев пен техникалық директор М.К. Турсеитов зауыттың цехтары бойынша экскурсия ұйымдастырып, зауыттың құрылу тарихын айтып, өндіріс технологиясымен таныстырды, Қазақстанның мұнай өндіру, металлургия және тау-кен кәсіпорындары үшін зауыттың дайын өнімін көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша ауыр машина жасау кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау мәселелерінде ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім қабылданды, университетте "ААМЖЗ" АҚ-ның оқу аудиториясын құру туралы келісілді, содан кейін қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.