Алматы ауыр машина жасау зауыты ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі, Өкілетті орган (PSA), IMB Орталығы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ КПО компаниясының делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өткізуге арналған алаңға айналды. Мұндай іс-шараның мақсаты – қазақстандық өндірушілермен өзара іс-қимылды кеңейту және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу перспективаларын талқылау. Сонымен қатар КПО отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі таныстырып, қазақстандық кәсіпорындар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған тендерлік рәсімдердегі жаңа өзгерістерді түсіндірді. Аталған бастамалар КПО-ның Қарашығанақ кен орны жобаларына жергілікті өндірушілерді кеңінен тартуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Жиыннан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар зауыт цехтарына барып, "ААМЖЗ"АҚ өндіріс процесімен танысты.